• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қаңтар, 2026

«Барселона» Испания суперкубогінің иегері атанды

20 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен кездесуде Каталонияның клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ойынның 36-минутында Рафинья есеп ашса, 45+2-минутта Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. Одан соң 45+4-минутта Роберт Левандовски және 45+6 минутта Гонсало Гарсия дараланды. Ал «блаугранаға» жеңіс әкелген голды 73-минутта Рафинья соқты.

Сондай-ақ 90+1-минутта Френки де Йонг қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осылайша «Барселона» бұл турнирде 16-рет топ жарды.

(фото: x.com/FCBarcelona)

Ханс-Дитер Флик шәкірттері келесі матчын ел кубогі аясында 15 қаңтар күні «Расингке» қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар