• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2015

«Нұр Отан» мен «Единая Россия»

373 рет
көрсетілді

партиялары Өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы келісімге қол қойды  «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басшы­­лы­ғымен «Нұр Отан» партиясы деле­гациясының Ресей Федера­ция­сына ресми сапары бас­талды. Екіжақты кездесу барысында Мәскеуде «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясы мен «Нұр Отан» партиясы – екі билеуші партияның арасында Өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Ресми сапарының бірінші күнінде «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Феде­рациясы Федералдық Жина­лысы Мемлекеттік Ду­масының Төр­ағасы Сергей Нарышкинмен кездесті. Екіжақты кездесу барысын­да бүгінгі таңда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Феде­рация Кеңесінің, Қазақстан ­Рес­публикасы Парламенті Мәжілі­сі мен Ресей Федерациясы Мем­­лекет­тік Думасының ара­сында тікелей өзара іс-қимыл­дың орнатыл­ғаны, ал депу­таттардың ТМД Пар­ла­мен­т­аралық Ассам­блеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ мен ЕҚЫҰ Пар­ламент­тік Ассамблеясы отырыс­тары шең­берінде жемісті жұмыс жасап жат­қандары атап өтілді. Тараптар екі елдің Парламенті арасындағы байланыстарды әрі қарай да дамытуға ниетті екендерін жеткізді. Сапар шеңберінде «Нұр Отан» партиясының делегациясы «Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы, РФ Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен жүздесті. Кездесу барысында Бауыржан Байбек «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партияларының билеуші болып табылатынын және өз елдеріндегі заңнамалық органдарда көпшілік дауысқа ие екенін атап өтті. Сонымен бірге, партияларды «Нұр Отан» Доктринасындағы, сондай-ақ, «Едина Россияның» ресми тұғырнамасында белгіленген орталықшылдық идеологиясы мен ортақ консервативтік құндылықтар біріктіретініне назар аударды. Тараптар біздің елдеріміздің арасындағы партия­­аралық және парламентаралық әріптестіктің қар­қын­ды дамуының Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді әріптестігінің нығаюына ықпал ететініне тоқталды. Сапар шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Төраға­сының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, сондай-ақ, РФ Мемлекеттік Думасындағы «Единая Россия» партиясы фракциясының жетекшісі, РФ Феде­рал­ды Жиналысы Мемлекеттік Думасы Төраға­сының орынбасары Владимир Васильевпен жүздесті. Ресейлік әріптестерімен кездесуі барысында Бауыржан Байбек Қазақстан Президенті, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның ХVІ съезінде жария еткен бес институционалдық реформасын, сондай-ақ, қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын іске асырудағы «Нұр Отан» партиясының рөлін атап өтті. Өз кезегінде «Единая Россия» партиясы фрак­циясының жетекшісі, Мемлекеттік Думаның вице-спикері Владимир Васильев партиялар арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалады. Біз Ресей-Қазақстан өзара іс-қимылының деңгейі мен жемісті сипатын көрсететін «Единая Россия» және «Нұр Отан» партияларының арасындағы қалыптасқан ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз», – деді В.Васильев. Осы ретте, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек биылғы жылы Қазақстанның ТМД-ға төрағалық ететінін және елдер­дің арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимыл­ды әрі қарай тереңдете түсуге ықыласты екенін жеткізді. «Ресей Қазақстан үшін – бауырлас ел, бейбіт көрші және стратегиялық серіктес. Биылғы жылы Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының осыдан жиырма жыл бұрын жариялаған идеясын шындыққа айналдырған Еуразиялық экономикалық кеңес бастау алды. Бірігудің ғаламдық тәжірибесі күш-жігерді біріктірудің ұзақ мерзімді экономикалық дивидендтер әкелетінін және халықтың әл-ауқатын көтеретінін көрсетіп отыр», – деді Б.Байбек. Ресей парламентшілері атаулы күндерді мерекелеу бойынша бірлесіп жұмыс жасаудың қажет екенін жеткізді, олардың қатарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы да бар. Сонымен бірге, Федерация Кеңесінің Халықаралық істер комитеті басшысының орынбасары А.Климов «Қазақ хандығының 550 жылдығының біздің халқымыздың тарихындағы маңызды кезеңі болып табылатынын және осы айтулы оқиғаны назардан тыс қалдырмайтындарын» атап өтті. Осы күні «Нұр Отан» партиясы мен «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясы арасында Өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Аталған келісім «тәуелсіздік, теңдік, өзара құрмет пен бір-бірінің ісіне араласпау негіздері мен қағидаттарына сүйеніп жасалды. Өйткені, партиялық байланыс Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының маңызды құрамдасы болып табылып, ортақ мүдде үшін олардың тұрақты дамуына ықпал етуді көздейді». Билеуші партиялардың арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерінің қатарында партия құры­­лысы сала­сындағы тәжірибесімен бірін-бірі таныс­­тыру, партиялық жобаларды, ұйымдастыру жұмыс­­тарын, бақылау-ревизиялық қызметті, кадр­­­лар­­ды оқыту мен дайындауды іске асыру, мемле­­кеттік билік­тің өзара ортақ мүддені танытатын заң­на­малық орган­дардың қызметіне, жастар саясаты­на, халық­ара­лық байланыстар мен басқа да салаларға қатысуы бар. Сонымен қатар, келісімнің тараптардың партияның оқыту құрылымдары арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ, «достық пен көршілікті нығайту, жастарды патриотизм мен еңбексүйгіштікке баулу мақсатында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жас­тар қанаты мен «Молодая гвардия Единой Россий» бүкілресейлік қоғамдық ұйымының арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал ететіні айтылған. Тараптар партия басшылығы делегациясы сапарларымен алмасу туралы келісті. Мысалы, 2015-2016 жылдары «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясы басшылығы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары жоспарланған, 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы басшылығының делегациясы Ресей Федерациясына сапармен барады. Сапар барысында делегация мүшелері «Единая Россия» партиясының Орталық атқару комитетінің жетекшілерімен, «Молодая гвардия Единой Россий» басшылығымен кездесіп, партияның Мәскеу қалалық өңірлік бөлімінің жұмысымен танысты. Делегация құрамында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Анатолий Баш­маков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменов, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрлан Сыдықов, партияның Саяси менеджмент мектебінің директоры Әсет Әбдуалиев болды. Сәулебек БІРЖАН.