• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қаңтар, 2026

Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?

30 рет
көрсетілді

Биыл зейнет жасын қайта қарау туралы ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, зейнетке шығу жасы төмендегідей: Ерлер үшін – 63 жас; Әйелдер үшін – 61 жас.

Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) мен құзырлы органдар бұған дейін хабарлағандай, әйелдер үшін 61 жас мөлшері 2027 жылдың соңына дейін сақталады. Алайда 2028 жылдан бастап бұл көрсеткіш жыл сайын кезең-кезеңімен ұлғая бермек: 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас; 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас; 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас; 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас. Жоспар жүзеге асса, 2031 жылға қарай ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасы теңесіп, ортақ 63 жасты құрайтын болады. 

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейді

 
Соңғы жаңалықтар