Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қос Киенің Сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Сауд Арабиясының Королі Мемлекет басшысын барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, қазақстандықтарға бақ-береке тіледі.
Екі мемлекет басшылары Қазақстан-Саудия серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы саяси үнқатысу мен жемісті ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Сонымен қатар, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд елдеріміздің ғасырлар бойғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасы алдағы уақытта да Қазақстан мен Сауд Арабиясының достас халықтары мүддесіне қызмет ете беретініне сенім білдірді.