• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2015

Цифрлар сөйлейді: «Бавария» vs «Барселона»

401 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 мамыр. Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалдық бәсекесі аясында «Бавария» (Мюнхен, Германия) мен «Барселона» (Барселона, Испания) арасындағы қарымта ойын өтеді. Мюнхендегі «Альянц-Арена» стадионында болатын ойында финалға шыққан алғашқы команда анықталады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Испанияда өткен қос команда арасындағы алғашқы ойында «Барселона» 3:0 есебімен басым түскені белгілі. Ендеше бүгін Германияның командасына өте қиын болары анық. Осы ретте біз әдеттегідей бүгінгі ойынға қатысты кейбір қызықты деректерге назар аударуды жөн көрдік. Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында өткен алғашқы ойында 3:0 есебімен жеңген командалардың 93,7 пайызы жарысты жалғастырып отырған. «Бавария» бірінші кездесуде қақпасына 3 немесе одан да көп гол жіберіп алған кезде, ешқашан келесі кезеңге шығып көрмеген. Мұндай жағдай неміс командасының тарихында 7 рет тіркелген екен Ал «Барселона» алғашқы матчта 3 доп айырмасымен жеңген кезде барлығында жарысты жалғастырған. Қазіргі таңда Чемпиондар лигасының тарихындағы ең үздік бомбардир «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси екені белгілі. Оның еншісінде 77 гол бар. Апта бұрын «Бавариямен» болған ойында Месси екі мәрте мергендігімен көзге түсті. «Барселона» турнир барысында қатарынан 9 ойында жеңіске жетті. Бұл – Лига тарихындағы кезекті рекордтық көрсеткіш. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: eurosport.ru.

Командалар мына құрамда алаңға шығуы мүмкін.