• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қаңтар, 2026

Астанада 82 жастағы қария шөбересіне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды

10 рет
көрсетілді

Астана соты жеті жасар шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған 82 жастағы қарияға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сот анықтағандай, қылмыс отбасы мүшелері қыздың жеті жасқа толған туған күнін атап өту үшін жиналған кезде болған. Тергеу мәліметтері бойынша, туыстары ер адамды қылмыс үстінде ұстап, бірден құқық қорғау органдарына хабарлаған.   Айта кетейік, зардап шеккен қыздың анасы «НеМолчи» қорына 2025 жылдың 5-нен 6-сәуіріне қараған түні, оқиға болған бойда хабарласқан. Ол кезде анасы баласын сот-медициналық сараптамаға апара жатқан.

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азаматқа сот үкімі шықты

Қордың ақпараты бойынша, қария жасаған қылмысының ауырлығын толық сезінген. Туыстары оны қылмыс орнында ұстап алғаннан кейін, ол қашып кетпек болып, бір тәулікке жуық уақыт бойы ізін жасыруға тырысқан. Кейінірек полиция қызметкерлері оны қолға түсірді.   Сот талқылауы барысында оқиғаның мән-жайын растаған куәгерлердің айғақтары тыңдалды. Сондай-ақ сотталушының кінәсі сараптамалардың, соның ішінде генетикалық зерттеулердің қорытындысымен толық дәлелденді.

Шымкентте үй тазалаушыны өлтірген жас балаға сот үкімі шықты

Жәбірленуші тараптың адвокаты Азамат Сағал тағайындалған жазаның заңды әрі негізді екенін мәлімдеді. «Сотталушыға 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленуші тарап үкіммен толық келіседі және оны заңды деп санайды. Тарап ешқандай материалдық немесе моральдық өтемақы талап еткен жоқ», деді адвокат. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қарағандыда анасынан зәбір көрген 4 жастағы баланың ісіне қатысты сот үкімі шығарылды

Соңғы жаңалықтар