Мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес «Манчестер Ситидің» шабуылшысын команданың «құтқарушысы» деп санап, оны осы жазда сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Реал» бас бапкер Хаби Алонсоны қызметінен босатты
Мадридтік клуб Холандты осы жазда-ақ құрамға қосуға күш салмақ. Қазіргі уақытта клуб футболшының жақындарымен және оның агенті Рафаэла Пиментамен тікелей байланыс орнатқан. Дереккөздердің мәліметінше, Холандтың өзі де Испанияға қызығушылық танытып отыр және «Реалға» ауысуды өз мансабындағы шешуші белес деп санайды.Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалдан» жеңілді
Дегенмен бұл трансферді жүзеге асыру үлкен қиындықтармен байланысты. Эрлинг Холандтың «Манчестер Ситимен» қазіргі келісімшарты 2034 жылға дейін жасалған, әрі ағылшын клубының басшылығы өз жұлдызын жіберуге ниетті емес.«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді
Эрлинг Холанд «Манчестер Сити» сапына 2022 жылдың жазында Дортмундтың «Боруссиясынан» 60 млн еуроға ауысқан болатын. Ол биылғы маусымда өткізген 29 матчта 26 гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп үлгерді.