• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Қаңтар, 2026

«Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бекітілді

Үкімет дауыс беру қорытындысы бойынша «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұжырымдаманы бекіту барысында Премьер-министр балаларға жан-жақты қамқорлық жасау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екеніне тоқталып, тиісті министрлікке бірқатар тапсырма берді. 

«Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, Тұжырымдамадағы барлық іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. Бұған қоса бала құқықтары жөніндегі уәкілмен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою керек. Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру бойынша ақпараттық науқанды ұйымдастырып, жоспарланған іс-шаралар мен олардың орындалуы туралы халықты ашық әрі түсінікті жолмен хабардар етіп отырсын», деді Олжас Бектенов.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға бекітілді.

Еске салайық, Олжас Бектенов Үкімет отырысында балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану мәселесін көтерді.

Соңғы жаңалықтар