Әйелдер арасында әлемнің бесінші, еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті қапы қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Елена Рыбакина мен Ига Швентек бұған дейін өзара 11 рет кездесіп, оның алтауында польшалықтың асығы алшысынан түскен.
Бұл жолы ширек финалдың бірінші сетінде қарсыластар тең ойын көрсеткенмен, соңғы минутта отандасымыз брейк жасап, есепті 7:5-ке өзгертті.
Екінші сетте Елена Рыбакина айқын басымдықпен алға шығып, 6:1 есебі тіркелді.
Елена Рыбакинаның WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды
Бір сағат 35 минутқа созылған тартыста жерлесіміз жеңіске жетіп, мансабында екінші рет Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Енді Елена халықаралық беделді турнирдің финалына шығу үшін америкалықтар, әлемнің 4-ші ракеткасы Аманда Анисимова мен Джессика Пегула жұбының жеңгенімен кездеседі.
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде қанша табыс тапты