Адамның қабілеті мен мүмкіндігі ғаламат. Оған дәлел – америкалық альпинист Алекс Хоннольд. Ол Тайваньдағы ең биік «Taipei 101» ғимаратына қауіпсіздік арқанынсыз өрмелеп шықты.
Алқынбайтын альпинист биіктігі 508 метр болатын 101 қабатты зәулім нысанды 91 минутта бағындырған. Оның көтерілу сәтін мыңдаған көрермен тамашалап, оқиға Netflix платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Бұл әрекетке ғимарат әкімшілігі мен қала билігі алдын ала рұқсат берген. Айта кетейік, «Taipei 101» ғимараты 2004–2010 жылдары әлемдегі ең биік ғимарат саналып келді. Қазір бұл атақ Дубайдағы «Бурдж Халифаға» тиесілі.