• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Арал ауданында газдандыру жұмысы басталды

381 рет
көрсетілді

Биылғы жылы Қызылорда облысы елді мекендерінің 70 пайызы «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Өткен жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құры­лысы аяқталды. Осыған орай Қызылорда облысы елді мекен­деріне газ тартудың да мүмкіндігі туды. Облыстық бюджет есебінен «көгілдір отынға» 23 млрд. теңге қаржы бөлінген. Аймақты газбен қамту аясында 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Өңірде бірінші болып Арал ауданында газ жүргізу жұмыстары қолға алынды. Ол 18 ақпан күні ресми жағдайда басталды. Енді «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры арқылы Арал қаласы 100 пайыз газбен қамтылатын болады. Содан кейін кезең-кезеңімен аудандағы елді мекендерге газ тарту жұмыстары жүргізіледі. – Біз Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бүгіннен бастап кеттік. Қазіргі таңда Арал, Жаңа­қорған аудандарының орталы­ғында құбырларды дәнекерлеу жұ­мыстары жүргізіле бастады. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыс­тарын мерзімінде әрі сапалы орындауға уәде береміз, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қы­зылорда өндірістік филиалының директоры Серікхан Байзақов. Мұрат АЙТҚОЖА.