• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Үшжақты комиссияның кезекті басқосуы

262 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Энергетика, Қаржы, Әділет және өзге де министрліктердің же­текшілері, сондай-ақ, облыс­тар, Астана және Алматы қалалары әкім­дерінің орынбасарлары, респуб­ликалық кәсіподақтар ұйым­д­арының, Ұлттық кәсіп­керлер пала­тасының басшылары қатысты. Отырыс барысында, өндірістік үдерістерді тұ­рақтандыру, еңбек құқықтарын және жұмыскерлердің кепіл­дік­терін қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау және жұмыстан босаған жұмысшыларды еңбекпен қамту мәселелері бойынша әкім­діктер мен кәсіпорындар жетек­шілері арасында меморандумдар жасау, еңбек дауларының алдын алу бойынша іс-шаралар,  Үкімет, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің рес­пуб­ликалық бірлестігі арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары туралы мәселелер қаралды. Бүгінгі таңда республика бойынша өңірлердің әкімдіктері мен кәсіпорындар арасында 23 мыңнан астам меморандумға қол қойылды, оның ішінде 1117-сі – ірі кәсіпорындар, 22949-ы – орта және шағын кәсіпорындар. Олардың жұмыскерлерінің жалпы саны 1,4 млн. адамнан асады. Меморандумдар бойынша жүктелген міндеттемелерді орындау үшін үшжақты комиссиялар шеңберінде меморандумдардың орындалу барысына ай сайын бақылау жасау тәжірибесі енгізіліп, әлеуметтік үнқатысу (ұжым­дық келісімшарттар, еңбек шарт­тары, жалақы және т.б.) құ­ру бой­ынша жасалған жұмыс­тар жөнінде кәсіпорындар жетек­ші­лері­нің есептері тыңдалып отырады. Сонымен қатар, ағымдағы жыл­дың наурыз айында жұмыс орындарын сақтау және жұмыс­керлердің жұмыстан босауына жол бермеу мәселелері жөніндегі әлеуметтік серіктестік бойынша өңірлік келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Меморандумдар аясындағы міндеттемелердің орындалуына мониторинг ақпараттық жүйе негізінде жасалады. Ол жүйе зейнетақы аударымдары бойынша жұмыскерлердің жұмыстан босауын ай сайын бақылап отырады. Еңбек дауларының алдын алу үшін Денсаулық сақтау және әлеу­меттік даму министрлігі Бас прокуратурамен, Қаржы және Әділет министрліктерімен, Жұмыс беру­шілер мен жұмыскерлердің респуб­ликалық бірлестігімен бірле­сіп жалақы бойынша қарыз­дарға ай сайын мониторинг жүргі­зуде, еңбек заңнамасын бұзу жағдайларына сараптама және кәсіп­орындардың ұжымдық келісім­дермен қамтылуына мони­торинг жасауда, мүдделі мемле­кеттік органдар, жұмыс беру­шілер мен жұмыскерлердің республикалық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен еңбек дауларына жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іс-шаралар қабылдау бойынша кездесулер өткізуде. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен және Жұмыс берушілер мен жұмыс­керлер­дің республикалық бірлес­тігімен бірлесіп, Үкімет пен Жұмыс­керлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестігі арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының келісілген жобасы әзірленді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік шиеленіс картасы негізінде жұмыс орындарын құру бөлігінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысына тұрақты мониторинг жасайды. Отырысты қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев әлеуметтік серіктестік әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктерінің бірі екенін атап көрсетті. Бұл шара жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық мүдделері мәсе­лелерін шешуге, еңбек кепіл­діктерін және әлеуметтік тұрақ­ты­лықты сақтауға мүмкіндік береді. Премьер-Министрдің орынбасары өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын және жұмыскерлердің кепілдіктерін қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау және жұмыстан босаған жұмысшыларды еңбекпен қамту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау, жұмыстан босау, қысқару тәуекелдеріне және жұмыскерлердің өзге де еңбек құқықтарының бұзылу оқиғаларына тұрақты мониторинг жасау, өндірістік жарақаттанушылықтың өсуіне жол берген жұмыс берушілерге қатаң шаралар қолдану, еңбек дауларына жол бермеу бойынша іс-шаралар қабылдау бойынша тапсырма берді.