• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2010

КЕШЕ...

465 рет
көрсетілді

...орталық ашылып, көліктер тапсырылды Өндірісті өңірде жұмыс сапа­ры­мен болған Төтенше жағдайлар министрі В.К.Божко осы буын­ның облыстық құрылымы жұ­мы­сымен танысты. ТЖМ жанынан құрылған дағдарыстық орталық­тың ашылуына қатысты. Апатты тосын оқиғалар бола қалған жағ­дайда барлық іс-шаралар жедел осыдан басқарылады. Орталық осы заманға байланыс құрал­да­ры­ның соңғы үлгілерімен жабдық­тал­ған. Мұның өзі төтенше жағ­дай­лар салдарларын тез жоюға мүмкіндік береді. Министр “Көмір” әскери­лен­ді­рілген құтқару қызметімен та­нысты. Шахталардағы апаттар ке­зінде кеншілерді құтқару жұмыс­тарымен шұғылданатын бұл қыз­мет­ті жетілдіру жолдары талқы­лан­ды. Соңынан аталған құры­лым­ның қалалық және аудандық бөлімшелеріне арнайы жабдық­талған көліктер тапсырылды. Айқын НЕСІПБАЙ,ҚАРАҒАНДЫ. ...қала тұрғындары Германияны тамашалады Қостанайдағы Көркемсурет га­лереясында “Қазіргі Германия” атты жылжымалы көрме ашылды. Германияның Қазақстандағы жы­лына арналған бұл шара қоста­най­лықтарға Еуропадағы алдыңғы қатарлы ел туралы мол мәлімет береді. Көрменің ашылу салтана­тында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Виктор Мейестр екі ел қарым-қатынасында мұндай шараның маңызды екенін айтты. – Германия – өндірісінің да­муы жағынан әлемде жетекші орын алатын елдердің бірі. Біздің одан үйренеріміз көп. Ал мына көрмедегі елдің қуатты эко­но­ми­ка­сы мен әлеуметтік тұрмысы, мә­дениеті мен білімі туралы мә­лі­мет­тер қостанай­лықтардың Германия туралы жақынырақ білуіне мүм­кін­дік береді, – деді Виктор Викторович. Көрмеге келушілер белгілі не­міс фотосуретшісі Торстен Эльгер түсірген композициялардан Бер­лин мен Франкфурт қалаларының түнгі көріністерін, елдің басқа да көрікті жерлерін тамашалады. Со­нымен қатар, осы көрме Германия мен Қазақстан арасындағы эконо­ми­калық және мәдени байла­ныс­тар туралы да мол хабардар етті. Германияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған бұл көш­пелі көрме еліміздің басқа облыс­тарын да аралайтын болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, ҚОСТАНАЙ. ...акция шеңберінде семинар-кеңес өтті Республикалық “Бірлігіміз жарасқан” акциясы шеңберінде Тал­дықорғанда облыстық Қазақ­стан іскер әйелдері ассоциация­сы­ның ұйымдастыруымен бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерді қол­дау мақсатында “Өз бизнесімізді қалай ашамыз” деген тақырыпта семинар-кеңес өткізілді. Кеңеске “Халық Банкі” мен “Альянс Банкінің” өкілдері қаты­сып, жас кәсіпкерлерге берілетін несиені алу жолдары, қаржылан­дыру мақсатында құрылған “Даму” бағдарламасы аясындағы қолдау жайлы егжей-тегжейлі түсін­дірді. Жеке кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріліп, қандай да бір қиындық туын­да­ған­да “Атамекен” одағы мен қа­лалық және облыстық орта және шағын кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын сала мамандарынан кеңес алуға болатыны атап көр­сетілді. Кәсібінен нәсібін табуды көздегендерге бұл кездесудің маңызы зор екендігі байқалды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.