• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

 «Айреник» көрме өткізді

317 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы көркемсурет музейінде Ассамблея жылына орай «Айреник» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Армения өнері: көне және бүгін» атты көрме ашылды. Облыстағы «Айреник» қоғамдық бірлестігі 1995 жылы құрылды. Содан бері Эльмира Петросян басқаратын бір­лестік елдік тұтастық пен келісімді сақ­тауда, армян халқының ұлттық мәде­­ние­тін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаң­ғыртуда үлгілі қызмет атқарып келеді. Этномәдени бірлестікте ақсақалдар ке­ңесі және оның жастар қанаты, әдеби, би ұжымдары жұмыс жасайды. Көрмеден ұқ­қанымыз, армян халқы мәдениетінің көне заманнан – тау-жартастардағы жазба­лар мен тас және қола мүсіндерден, әше­кейлі қару-жарақтар, шыны және қыш ыдыс­тардан бастау алатыны. Яғни, сәулет өнерінің туындыларын, қабырғаға салын­ған суреттерін, мүсіндер мен тұр­мыс­тық заттарын дүниеге әкелген Ежелгі Урарту ­мем­лекетінің мәдениетін қалыптастырады. Осы өнер орталығының бірі 2783 жыл бұрын іргесі қаланған көне Эребуни (Ереван) қаласы екен. Көрмеде өткен жылдардағы суретшілер Мариам, Ерануи Асламазян, Ара Бекарян, Дмитрий Налбандян, Симон Галостян және қазіргі заманғы армян суретшілерінің туындылары қойылған. Ал қарағандылық суретші Саркис Саносян (1922-2004) болса, 1980-жылдары біздің облыстық көркемсурет музей қорына өзінің туындыларын сыйға тартыпты. Көрмеге, сондай-ақ, ел есінде жүрген Оганес Зардарян, Рубен Габриелян, Альберт Папикян, Александр Григорян, Петрос Малаян, Лавиния Бажбеук-Меликян, Седа Карагезян және басқа да атақты суретшілердің суреттері қойылыпты. Армян халқының қилы өмірі сурет арқылы көрініс тапқан. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.