2004 жылы Таиланд жағалауында болған алапат цунами кезінде жүзге жуық туристің аман қалуына 10 жастағы британдық оқушы Тилли Смит себепкер болған.
Демалыста ата-анасымен Таиландқа барған жасөспірім қыз жағажайда теңіздің кенеттен шегініп, толқындардың өзгеше көбік аралас пішінге енгенін байқайды. Бұл белгілер оған таныс еді. Себебі сапарға шығардан аз уақыт бұрын мектептегі география сабағында цунамидің алғашқы нышандары туралы өткен. Қауіпті жағдайды бірден аңғарған Тилли ата-анасына ескертіп, жағажайдағыларды тез арада қауіпсіз жерге кетуге шақыруға көндіреді. Ересектер оның сөзін ескеріп, адамдарды жедел эвакуациялаған.