• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

94 миллион теңге жалақы қарызы өтелді

262 рет
көрсетілді

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық саласында 17 мың заң бұзушылық анықталып, прокурорлар пәрменімен оларды жою шаралары қолға алынды. Ел заңдарының сақталуын қадағалаушы прокурорлардың ықпал етуімен 2500-ге жуық тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылыпты. «Заң бұзушылықтарға байланыс­ты 41 қылмыстық іс қозғалып, 901 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды», деп мәлім етті облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев. Сонымен бірге, прокуратура қызметкерлері 62 мыңнан астам азаматтың, соның ішінде 8 мыңға жуық жасы кәмелетке толмағандардың конституциялық құқығының қорғалып, қалпына келтірілуіне де ықпалын тигізді. Жалақыны уақытында төлемеген жұмыс берушілердің қысастығы жайында прокуратура органдарына ұдайы шағым түсіп тұрады. Осындай шағымдар негізінде былтыр жұмысшылардың қолына тимеген  94 миллион теңгелік жалақы қарызы толықтай өтелді. Облыс прокурорлары 3 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығын қорғап, жалақыға телмірген жұмысшылардың проблемалы мәселелерінің түйінін тарқатты. Әсіресе,  банкроттық қамытын киген «Атыраубалық» АҚ пен жұмысын тоқтатқан «АСД» серіктестігінен  500-ге жуық жұмысшыға уақытында берілмеген жалақы қарызы 48 миллион теңгені құраған. Прокуратура қызметкерлері 3 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығын қорғап, жалақыға қатысты проблемалы мәселелердің түйінін тарқатты. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы. сурет: shalkarfm.kz