Кентауда биылғы жылы 15 мың гектарға 20 мыңға жуық ағаш егіледі. Оның 5 гектар жеріне 2 мыңға жуық тал егіліп, “Жасыл аймақ” жасалады.Мемлекет басшысының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты ел халқына Жолдауында “Өңірлердің дамуы – елдің дамуы” екендігі атап көрсетіліп, ел көлемінде өндіріс аймақтарын құрып дамыту, ауыл шаруашылығына баса мән беру және ел көлемінде көгалдандыру, көркейту істерін қолға алу баршаның міндеті екендігі атап көрсетілген. Осы басымдықтар қазіргі кезде Астана, Алматы қалаларынан бастау алып, бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен Шымкент қаласында жалғасын тауып отыр. Ал бүгінгі күні бұл игілікті іс-шара шалғайда орналасқан аудандар мен қалаларда да жүйелі түрде жүзеге асуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына Жолдауын негізге алған Кентау қаласының әкімдігі де қаланы көгалдандыру ісін қолға алды. Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған сенбілікке қала әкімі Көктембек Табылдиев, қала тұрғындары үлкен белсенділікпен қатысып, қалаға кіре беріс аймаққа ағаш көшеттерін отырғызды.
Кезінде қазақтың заңғар жазушысы М. О. Әуезов “Қаратау тәжі” деп баға берген кеншілердің қаласы Кентауда биылғы жылы 15 мың гектарға 20 мыңға жуық ағаш егіледі. Оның 5 гектар жеріне 2 мыңға жуық тал егіліп, “Жасыл аймақ” жасалады.
Елбасымыз әр жылғы Жолдауларында ел халқының әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, еліміздегі шағын қалалар мен ауылдардың, өңірлердің дамуына баса мән беріп, ел азаматтарының әл-ауқатының жақсаруын бірінші кезекке қойып келеді. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының жергілікті жерде жүйелі түрде жүзеге асуына, көрсетілген іс-шаралардың дер кезінде орындалуына бар-күш жігер жұмсалатын болады.
Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.