• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:02

Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады

10 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олжас Бектеновтің айтуынша Үкімет 11 мың шақырым жолды жаңғыртып, әуежайлардың өткізу қабілетін 40 млн жолаушыға дейін арттырады.   Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді «Биыл жалпы ұзындығы 475 шақырым болатын екі теміржол желісінің құрылысын және 2,9 мың шақырым жолды жаңғырту жұмыстарын аяқтаймыз. Бұл транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қытай шекарасынан Каспийге дейін жүктерді жеткізу уақыты осы жылдың соңына қарай 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады. 11 мың шақырым автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жұмыстары жүзеге асырылады», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл ретте транзиттік әлеуеттің серпінді дамуын тежейтін бірқатар фактор белгіленген. Солардың бірі теміржол инфрақұрылымдарының тозуының жоғары деңгейі болып қалып отыр. Осыған байланысты магистральдық теміржол желісін жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Жаңа өндірістік нысандарға қанша инвестиция тартылады?

Сондай-ақ авиация саласын, оның ішінде инфрақұрылымды қоса алғанда, дамытуға назар аударылды.

«Биыл Астана қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысын бастаймыз. Оны іске қосу 20 жыл бойы жөндеу көрмеген бірінші жолақты жаңғырту жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді. Бұл Астана әуежайының өткізу қабілетін 4 есе арттырып, 40 млн жолаушыға дейін жеткізеді. Шілде айында Алматы әуежайының ішкі терминалын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Өткізу қабілеті 14 млн жолаушыдан 19 млн-ға дейін артады. Ұшу-қону жолағын жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталады», деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша авиаотынның нарықтық бағасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасалды. Нәтижесінде авиациялық отынның бағасы $1,2 мыңнан шамамен $950-ге дейін төмендеді. Бұл шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр

Соңғы жаңалықтар