• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2015

Ақтауда заңсыз ойынхана анықталды

238 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 26 наурыз. Ақтауда қалалық прокуратурасы мен криминалдық полиция қызметкерлері бірлесіп жүргізген тексеру рейді кезінде заңсыз ойын автоматтары залы анықталды. Бұл туралы lada.kz тілшісі хабарлады. Ойын залы қаладағы «Меловая» стансасы маңындағы «Дана» супермаркеті құрылыс ауласының жертөлесінен табылған. Есігі мықты бекітулі және қосымша торлармен қымталған аумаққа кіру мүмкін болмағандықтан, ОМОН қызметкерлері терезе арқылы кірген. Есікті ашуды одан әрі қиындатқан ойын залы күзетшісінің кілтті еден жуатын су тұрған шелекке салып жіберуі себеп болған. Ойынхананың иесі кім екендігін айтудан алғашында бас тартқан зал әкімшілігі бұл қылығының қылмысты ұйымдастырушы ретінде танылатындығын білген соң, келісімге келген. Айтуынша, бұл кәсіп ойын бизнесіне тыйым салынған 2011 жылдан бастап жүргізіліп келеді екен. 36 ойын автоматы мен 6 ойыншы құрықталған залдың жұмысы бүгінде тоқтатылды. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал ойын автоматтары жойылатын болады. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: lada.kz.