• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Қостанай облысының делегациясы Ресей ауданында болып қайтты

312 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 25 ақпан. Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі Алмат Ысмағұлов бастаған делегация көрші Челябі облысының Увелка ауданы (Ресей) басшылығының шақыруымен барып келді. Бұл туралы ainanews.kz хабарлады. Шекаралық ынтымақтастық шеңберінде Қарабалық ауданы басшылығын, кәсіпкерлерін және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді Увелка ауданының басшысы Анатолий Литовченко көршілер арасында бизнес-әріптестікті дамыту мақсатында шақырған болатын. Увелкалықтар қонақтарға аудан әкімшілігінен бастап, өнеркәсібін, даму жоспарларын, жетістіктері мен мәдени мұраларын көрсетті. Қарабалық делегациясы «Ресурс» жарма өңдейтін ірі зауытта болды. Бұл зауыт Қарабалық ауданындағы «Ак-Бидай-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызығушылығын тудырды. Олар өсірген қарақұмықты осы зауытқа жіберуге толық мүмкіндік барына көз жеткізді. Бұл кәсіпорындағы сапа стандартын енгізу қарабалықтық кәсіпкер Владимир Кригердің де назарын аударды. Ал Увелка муниципалитетті ауданының басшылығы мен кәсіпкерлерін Қарабалық ауданы үстінен өтетін, Қытай, Ресей, Қазақстанды байланыстыратын «Алматы-Екатеринбург» тас жолының бойындағы көлік-логистикалық кешені қызықтырды. Көршілер қонақтарға «Княжий сокольник» тауарлы сүт фермасы мен сүт өңдеу зауытын да көрсетті. Сонымен қатар, олар Қарабалық ауданының Ресейге ет шығару жағын да сұрастырды. Делегация Увелка ауданының бірнеше әлеуметтік нысандарында да болды. Қатар жатқан аудандар болғанымен, бір-бірінен үйренетін де, үйрететін де тұстар бар екендігіне көршілердің көзі жете түсті. Бұл даму үшін керектігін Увелка өзенінің екі жағындағы жұрт та жақсы біледі. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ainanews.kz.