Өткен жылы Қазақстанда 27 млн мобильді абонент тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сарапшылар мұны eSIM технологиясына жаппай көшумен байланыстырады. eSIM смартфонның баптауларында қосымша нөмірді өздігінен іске қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, зерттеу мәліметтері бойынша, елдегі барлық қосылымдардың 96%-ы жоғары жылдамдықты – 3G, 4G немесе 5G желілері арқылы интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Жаңа жылдан бастап SIM-картаны іске қосу тәртібі өзгерді
Kepios консалтингтік агенттігінің мәліметінше, өткен жылы елімізде интернетті белсенді пайдаланушылар саны 20 млн адамды құрады. 2024 жылмен салыстырғанда аудитория 232 мыңға өскен. Ел халқының 93%-ы тұрақты интернетпен қамтылған. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 40 Мбит/с-қа дейін артты, бұл 40% өсімге тең. Дегенмен, шамамен 1,5 млн адам әлі де желіге қосыла алмай отыр, көбінесе бұл балалар, қарттар және шалғай ауылдардың тұрғындары.
Алаяқтарға SIM-карта ұсынғандар ұсталды
Сондай-ақ халықтың 80%-ы әлеуметтік желілерді пайдаланған. Қолданушылардың жартысынан көбі – ер адамдар. Ең танымал платформа – TikTok (шамамен 17 миллион қолданушы). Одан кейін Instagram (13 миллион) және Facebook (2,5 миллион) тұр. Ал Snapchat (795 мың) пен X (280 мың) платформалары ең аз қызығушылыққа ие болған.