• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Ақпан, 2015

Атырау облысында алты баланың анасы асылып қалды

258 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 ақпан. Атырау облысының Доссор кентінде алты баланың анасы асылып өлді. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» басылымы хабарлады. Қайғылы оқиға ақпанның 19-ы күні орын алған. Алайда, оның жайы енді ғана белгілі болып отыр. Жұрт 38 жастағы әйелдің өз үйінің ауласында асылып тұрған жерінен көрген. Ол өлер алдында жастары 4-тен 14-ке дейін балаларынан кешірім сұрап, күйеуінен оларға дұрыс қарауды сұраған хат қалдырып кетіпті. Мақат ауданы прокурорының орынбасары досбол Бағитжановтың айтуынша, дерекке сай «Өзін өзі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Құрыш Нұрымбет.