• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2026

Реформаларға азаматтық белсенділік керек

40 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының отырысы өтті.

Жиынға Парламент депутаттары, конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен азаматтық альянстардың көш­басшылары қатысты.

Кездесу барысында консти­ту­циялық өзгерістердің негізгі бағыттары, оларды іске асы­ру­дағы азаматтық қоғам инс­ти­туттарының рөлі, сондай-ақ саяси-құқықтық жаңғыру үдерістеріне қоғамдық қатысу­дың тиімді тетіктері жан-жақ­ты талқыланды.

Отырыс аясында Қазақстан­ның Азаматтық альян­сының президенті, «Әді­­­летті және прогрессивті Қазақ­­стан­­­ның халықтық Конс­титуциясы үшін!» жалпы­ұлт­тық коа­ли­циясының өкілі Бану Нұрғазиева сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасы заманауи сын-қатерлерге жа­­­уап беретін, ел дамуының стратегиялық бағытына сай мықты әрі әділетті Қазақстанды қалып­тас­тырудың берік құқық­­тық негізіне айналатынын атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, стра­тегиялық құжаттарды тал­қы­­лауға азаматтардың қаты­су аясын кеңейту және заң шы­ғару үдерісінің ашықтығын арт­тыру мәселелері қозғалды.

Іс-шара қорытындысы бойын­ша демократиялық институт­тарды нығайтуға және рефор­­маларды іске асыруда сын­дарлы қоғамдық қатысуды да­мытуға бағытталған ұсы­нымдар қабылданды.

Соңғы жаңалықтар