Қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандасымыз слалом-гигант бағдарламасында ел намысын қорғады.
Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткішін тіркеген спортшы жеңімпаз атанады.
Нәтижесінде Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады.
Италиялық Федерика Бриньоне екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды - 2:13.50. Бұған дейін ол супергигантта топ жарған еді. Швециялық Сара Хектор және норвегиялық Стьернесунн Теа Луиз бірдей уақыт көрсеткішін тіркеп (2:14.12), екінші орынға ие болды.