«Қазгидромет» синоптиктері 17 ақпанда еліміздің 17 облысы мен Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түнде аздаған қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысыОблыстың солтүстігінде түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Шығысында да аздаған қар жауады. Күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Жетісу облысыСолтүстік, шығыс және таулы аймақтарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысыБатыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы кей уақытта 25 м/с-қа дейін барады.
Атырау облысыБатыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 15-18 м/с болады.
Алматы облысыСолтүстік және таулы аудандарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысыТаңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысыСолтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Кей өңірлерде тұман болады.
Ақпан айында ауа райы қандай болады?
Түркістан облысыОңтүстік және таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Таулы өңірлерде нөсер жауын жауады.
Жамбыл облысыТаулы аудандарда түнде қар мен жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман болады.
Абай облысыБатыс және солтүстік бөліктерінде қар жауып, бұрқасын соғады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысыШығыс және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ұлытау облысыКей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысыҚар жауып, бұрқасын соғады. Тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысыТұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысыҚар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Желдің екпіні 28 м/с-қа дейін барады.
Павлодар облысыЖауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысыСолтүстік және орталық бөліктерінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.