• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 13:00

Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды

10 рет
көрсетілді

Жақсы ауданына қарасты Новокиенка ауылында бірнеше күн бұрын жұмысшы трактордың астында қалып қойған оқиға тіркелді. Көптеген дене жарақатын алған ер адам аса ауыр жағдайда жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрігерлер үшін әр минут қымбат болды. Науқастың өміріне тікелей қауіп төнгендіктен, жансақтау бөлімінде шұғыл тексерулер жүргізіліп, дереу ем шаралары басталды. Хирургтер ішкі қан кетуді тоқтатып, зақымданған бауырды тікті. Өкпенің қызметін қалпына келтіру үшін плевра қуысына дренаж қойылды. Сонымен қатар жамбас сүйектерін тұрақтандыру мақсатында сыртқы бекіту аппараты орнатылды.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде науқастың жағдайы тұрақталып, өміріне төнген қауіп сейілді. Алайда ауыр жарақаттар жамбас сүйектеріне күрделі реконструкциялық ота жасауды қажет етті.

Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды

Әдетте мұндай деңгейдегі операциялар облыстық немесе республикалық клиникаларда орындалады. Бірақ науқастың жағдайы оны басқа жаққа тасымалдауға мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты травматология институтының мамандарымен телемедицина арқылы консилиум өткізіліп, аудандық аурухана дәрігерлері ота жасауды өздері жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Мамандар қашықтан бақылау мен кеңес беріп отырды.

Аудан тарихында алғаш рет жасалған бұл күрделі операцияға бес дәрігер қатысты. Жеті сағатқа созылған ота барысында жамбас сүйектері қайта қалпына келтірілді. Бұл үлкен тәжірибе мен жоғары дәлдікті талап ететін аса жауапты жұмыс болды.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауыр деңгейде деп бағаланып отыр. Ең маңыздысы – оның қимыл-қозғалысы қалпына келе бастады.

Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды

Бұл оқиға медицина қызметкерлерінің кәсібилігін, телемедицина мүмкіндіктерінің тиімділігін және шалғай аудандарда да жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімді екенін айқын көрсетті.

Соңғы жаңалықтар