Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облысында 21:00-ден бастап барлық бағыттар бойынша қозғалыс шектелді. Жолдардың болжамды ашылу уақыты – 19 ақпан сағат 09:00.
Ақмола облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 км аралығында қозғалыс шектелді (Астана – Павлодар облысы шекарасы).
Абай облысында сағат 21:00-ден бастап «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 583-733 км аралығында қозғалыс шектелді (Павлодар облысы шекарасы – Семей).
Қарағанды облысында:
«Қалқаман – Баянауыл – Ұмыткер – Ботақара» автожолының 231-324 км аралығы (Павлодар облысы шекарасы – Ботақара); «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 км аралығына шектеу енгізілді (Қарағанды – Павлодар облысы шекарасы).Қозғалыстың болжамды ашылу уақыты – 19 ақпан сағат 09:00.