• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Ақпан, 2026

Таразда оқушы қызды ұрламақ болған ағайындылар қамауға алынды

20 рет
көрсетілді

Тараз қаласының тергеу соты 13 жастағы мектеп оқушысын ұрламақ болған ер адамдарды екі айға дейін қамауға шешім шығарды. Бұл туралы тергеу сотының төрайымы Раушан Исмаилова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, екі ер адам автобус аялдамасында 13 жастағы мектеп оқушысын ұрламақ болған. Бейнежазбада қызды күштеп көлікке отырғызуға тырысқаны анық көрінеді.

Алайда олардың әрекетіне кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат кедергі келтірген. Кейін белгілі болғандай, жасөспірімді құтқарып қалған – Тараз қаласының тұрғыны Нуркен Умаров. Біраз уақыттан соң қыздың әкесі оны арнайы іздеп тауып, көрсеткен көмегі үшін жеке алғыс айтқан.

Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді

Полиция қызметкерлері күдіктілерді ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. 

Алдын ала ақпарат бойынша, күдіктілер (ағайынды екені анықталған) ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып отыр.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

Соңғы жаңалықтар