• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Павлодарда автогаз бекеттерінің үштен бірінде заңбұзушылықтар тіркелген

10 рет
көрсетілді

Өңірдегі газ құю стансалары негізінен қоғамдық ғимараттардан және автожолдардан белгілі бір қашықтықта орналасу нормаларын бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 94 автогаз бекетінің 32-сінің қызметін уақытша тоқтатқан.

«Кемшіліктердің басым бөлігі қауіпсіз арақашықтықтың сақталмауына қатысты. Құрылыс нормалары бойынша газ құю стансалары қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр және жолдан 10 метр қашықтықта орналасуы тиіс», дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мақсат Жұмабеков.

Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды

Заңбұзушылықтар жойылғаннан кейін автогаз бекеттері өз жұмысын қайта жалғастырған.

Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары қарап жатқан жаңа заң жобасы бойынша келешекте автогаз құю станциялары резервуарларын жер астына орналастыруға міндеттеледі. 2031 жылға қарай Қазақстандағы барлық газ бекеттерінің резервуарлары жер астында орналасуы тиіс болады.

Соңғы жаңалықтар