• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:18

Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек

10 рет
көрсетілді

Биыл 1 наурыздан бастап Мысыр билігі елге келетін шетелдіктер туристер, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визаның құнын көтеру туралы шешім қабылдады. Енді демалушылар өткізу пункттерінде рәсімделетін жедел виза үшін бұрынғыдан да көбірек ақы төлейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Cairo 24 басылымының хабарлауынша, Мысырдың Туристік компаниялар мен агенттіктер палатасы виза құнын 25 доллардан (шамамен 12,4 мың теңге) 30 долларға (шамамен 14,9 мың теңге) дейін көтеру туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұл өзгеріс әуежайлар мен өзге де шекаралық бақылау бекеттерінде тікелей рәсімделетін виза түрлеріне қатысты.

Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?

Туристік палата өкілдері тарифтің өзгеруін қызмет көрсету сапасын арттыру және туризм саласын жаңғырту қажеттілігімен түсіндіріп отыр. Жаңа ережелерге сәйкес, туристік операторлар өз бағдарламаларын қайта қарап, шетелдік серіктестерімен бекітілген тарифтерді үйлестіруі тиіс.

Үндістан Қазақстан азаматтары үшін бір айға тегін виза ұсынды

Соңғы жаңалықтар