Алматыға жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясына баруға дайындалып жатқан 3-ші ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бөлімше командирі, подполковник Ілияс Алматов жеке құрам алға қойылған міндеттерді орындауға әзір екенін баяндады.
– Дайындық халықаралық стандарттарға сай жүргізіліп жатыр. Жеке құрам миссия аймағына аттануға толық дайын, – деді ол.
Әскери қызметшілерге арнаған сөзінде Қорғаныс министрі алдағы миссияның маңыздылығын атап өтті.
– Бітімгерлік операцияға қатысу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қазақстандық контингент ел басшылығы мен БҰҰ миссиясы қолбасшылығының сенімі мен құрметіне ие. Сіздер елімізді лайықты түрде танытасыздар деп сенемін, – деді авиация генерал-лейтенанты Д.Қосанов.
Министр, сондай-ақ, жауапкершілік аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қазақстандық бітімгерлердің қосқан үлесін атап өтті.
Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?
Жиыннан соң Армия үйінде «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарушы директоры Нұркен Ержанов министрге Defence Tech кеңсесін таныстырды. Бұл – қорғаныс саласына арналған көпфункционалды инновациялық хаб. Аталған орталық қорғаныс саласына қажетті келешегі зор әзірлемелерді іздеу мен іріктеу, идеядан бастап прототип жасауға және пилоттық жобаға енгізуге дейін қолдаумен айналысады.
БҰҰ миссиясының қолбасшысы Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлермен кездесті
Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің ведомстволық ұйымдарымен, ғылыми қауымдастықпен және стартап-экожүйемен өзара іс-әрекетті қамтамасыз етеді.
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер медальдармен марапатталды