Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін автоматтандырылған постаматтар орнатылды. Енді осы жерден құжаттарды кезексіз және тәулік бойы алуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі кезде постамат арқылы 19 түрлі құжат беріледі, соның ішінде:
Некеге тұру және ажырасу куәліктері; Қайтыс болу туралы туралы куәліктер; Архивтік анықтамалар; Қайталама туу туралы куәліктер; Аттестат, диплом және тағы да басқалары;Айта кетейік, алдағы уақытта бұл тізім кеңейтіледі.
Бұл қалай жұмыс істейді?Мемлекеттік қызметті рәсімдеген кезде құжатты постамат арқылы алу тәсілін таңдау қажет.
Құжат дайын болған соң телефонға жеке код жазылған SMS хабарлама келеді.
Жәшікті ашу үшін биометриялық идентификациядан өту керек.
Құжатты хабарлама алғаннан кейін үш күн ішінде алып кетуге болады. Егер осы мерзімде алынбаса, құжат ХҚКО маманы арқылы стандартты тәртіппен беріледі.
2026 жылы постамат қызметін пайдалану құны 518 теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта бұл жоба еліміздің 10 қаласында сәтті іске қосылған. Халыққа ыңғайлы болу үшін барлығы 14 постамат үздіксіз жұмыс істеп тұр.Постамат орналасқан ХҚКО-дың мекенжайлары:
Астана – Керей, Жәнібек хандар көшесі 4; Республика даңғылы 43; Алматы – Маркова көшесі 44; Жандосова көшесі 51; Нұркент шағын ауданы 5/17; Шымкент – Жангелдина көшесі 13а; Төлеметова көшесі 35; Тараз – Төле би даңғылы 89г; Қордай – Батыс тұрғын алабы 25; Қарағанды – Шахтёров даңғылы 5/2; Қызылорда – Астана даңғылы 46; Павлодар – Павлова көшесі 48; Түркістан – 160-шы квартал 236 үй; Семей – Папанин көшесі 34а;Алатау қаласының ХҚКО-ында электронды кезекті алдын ала брондау жүйесі енгізілді