Елорданың көлік жүйесін заманауи деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды жоба – жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосуға дайындық жұмыстары қарқын алды. Осыған орай, «City Transportation Systems» (CTS) компаниясы LRT кассирі лауазымына бос жұмыс орындарын жариялап, білікті мамандарды қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада LRT жүйесіне қызметкерлерді қабылдау басталды
Лауазымдық міндеттер шеңберінде мамандар LRT пайдалану ережелерін, қолданыстағы тарифтер мен жеңілдіктерді жолаушыларға түсіндіруі тиіс. Сондай-ақ көлік карталарын сату, олардың теңгерімін толтыру және кассалық есептілікті жүргізу – басты міндеттердің қатарында.Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Өз кезегінде компания Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыруға және ауысымдық жұмыс кестесіне кепілдік береді.Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Қызығушылық танытқан азаматтар түйіндемелерін CTS ресми сайты немесе hr@cts.gov.kz электронды поштасы арқылы жолдай алады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 577 177 (ішкі нөмірлер: 102, 207) байланыс телефонына хабарласуға болады.