Бүгін елордада күн райы аязды болып тұр. Осыған байланысты Астана қаласының білім басқармасы екінші ауысымда білім алатын оқушылардың сабағы онлайн форматқа ауыстырылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген басқарма хабарламасында.
Бұған дейін басқарма бірінші ауысымның оқушыларының қашықтан оқитынын хабарлаған.
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?