• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:00

Оператордың ерекше әдісі

10 рет
көрсетілді

Миланда өткен қысқы Олимпиадада фотограф Джордан Коуэн мәнерлеп сырғанау жарысында мұз үстінде жұмыс істеген алғашқы оператор атанды.

Ол спортшылардың бағдарламасы жүріп жатқанда емес, өнер көрсету аяқталған сәтте мұз үстінде кері сырғанап жүріп олардың ең шынайы эмоциясын таспаға түсіреді. Осылайша, көрермен бұрын камерадан көп көріне бермейтін қуаныш, өкініш сәттерін жақыннан көре бастады. Ол өзіне арнайы камера қондырғысын қолданады, ал ақ түсті киімі мұз үстінде көзге түспеуге көмектеседі. «Егер спортшылар менің бар екенімді ұмытып кетсе, бұл – мен үшін үлкен баға», дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар