Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы жағдайдың дамуын жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.
Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан Президенті араб елдерінің көшбасшыларына қолдау білдірген жеделхаттар жолдаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Таяу Шығыс елдерінің көшбасшыларына қолдау жеделхаттарын жолдаған еді.