• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:05

Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы: Динара Закиева Иранда қаза тапқан оқушыларға көңіл айтты

10 рет
көрсетілді

Балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиева Иранның Минаб қаласында орналасқан мектепке жасалған соққыдан қаза тапқан оқушыларға көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Кеше Иранда қыздарға арналған мектепке жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған бала қаза тауып, көптеген бала жарақат алды. Біз құқық қорғау саласындағы әріптестерімізбен бірге бұл қасіретті оқиғаға қатты күйзелдік», деді ол.  Оның айтуынша, мектептер – «бейбіт аймақтар», ал білім беру мекемелеріне жасалған шабуыл халықаралық құқықтың бұзылуы болып саналады. «Балалар – кез келген қақтығыста ең осал топ. Олар соғысты таңдаған жоқ, саяси шешімдер қабылдамайды және ересектердің әрекеттері үшін жауапты емес. Алайда ең ауыр зардапты дәл солар шегеді. Балалар жапа шекпеуі, қорқыныш сезінбеуі тиіс», дейді Д.Закиева.  Қазақстан әрдайым келіспеушіліктерді бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік жолында реттеуді қолдап келеді. «Біз халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырамыз. Біздің ортақ міндетіміз – балаларға тыныш әрі ашық аспан астында өмір сүру құқығын қайтару. Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы», деді Балалар құқығы бойынша уәкіл. Айта кетейік, Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы «Шаджаре Тайебе» қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 148 адамға, ал жараланғандар саны 95 адамға жетті. 
Соңғы жаңалықтар