• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Бүгін, 09:38

Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың логикалық жалғасы

10 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылыми интеллигенция, жаңа технологиялар және IT саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында сенатор елімізде кеңінен талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызына тоқталып, оны Әділетті Қазақстан құру жолындағы қоғамдық келісімнің көрінісі ретінде бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өз сөзінде Б. Жексенбай жаһандық геосаяси және геоэкономикалық өзгерістер жағдайында Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Ата заң – елдің ұзақмерзімді даму стратегиясын айқындайтын, тәуелсіздік пен тұрақтылықты нығайтатын құжат.

Сенатор жаңа Конституцияның басты құндылығы – адам екенін ерекше атап өтті. Жобаға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітіледі. Өмір сүру құқығының абсолюттік сипаты, сөз және шығармашылық еркіндігі, жеке өмірге қол сұқпаушылық, цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қорғау, өлім жазасына толық тыйым салу сияқты нормалар нақты құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар отбасын қорғау, тұрғын үйге қол сұқпаушылық және экологиялық жауапкершілік мәселелері Конституциялық деңгейде айқындалғаны айтылды.

Жаңа Конституция – партияаралық диалогтың басты тақырыбы

Б. Жексенбай Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалардың жаңа Конституцияда жүйелі түрде көрініс тапқанын атап өтті. Атап айтқанда, білім, ғылым және инновацияны стратегиялық басымдық ретінде бекіту, цифрландырудың институционалдық-құқықтық негізін қалыптастыру, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайту, азаматтық диалог тетіктерін кеңейту мәселелері конституциялық нормаларға енгізілген.

Кездесу барысында жаңа басқару моделіне де назар аударылды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Халық кеңесінің рөлі азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы тұрақты диалог алаңы ретінде айқындалғаны айтылды.

Жаңа Конституция жобасына қатысты қандай жалған ақпараттар тарады?

Сенатордың айтуынша, жаңа Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол білімге, инновацияға және адам капиталына негізделген ұзақмерзімді ұлттық даму моделінің іргетасы.

Кездесу соңында қатысушылар Конституциялық реформаның маңызы туралы пікір алмасты.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Батыс Қазақстан машина жасау зауытының еңбек ұжымымен Жаңа Конституция жобасын талқылады

Алдағы референдум ел болашағына қатысты маңызды шешім болмақ. Сондықтан ел азаматтарының өз дауыстарын беруге сенатор шақырды.

Соңғы жаңалықтар