• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғылым Бүгін, 11:30

Қазақстандық ғалым ЖИ-дің қандай жағдайда қателесетінін анықтады

20 рет
көрсетілді

Бельгиядағы Гент университеті жұмыс істейтін арқалықтың азаматы Болыс Сәбитбек математикалық есептеулер арқылы жасанды интеллектінің қандай жағдайларда қате жіберуі мүмкін екенін зерттеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Болыс Сәбитбек Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бакалавриат пен докторантура бойынша білім алған. Магистратураны «Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ-та тәмамдаған. 24.kz мәліметінше, ол кейін Лондонда, Queen Mary University of London университетінде қызмет етіп, құнды кәсіби тәжірибе жинақтаған. Бүгінде ол әлемдегі жетекші зерттеу оқу орындарының бірі саналатын Гент университетінде ғылыми қызметкер болып еңбек етіп жүр.

Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады

Отандасымыз қазір гиперболалық теңдеулер мен қатар жасанды интеллектінің негізінде жатқан формулалар, модельдер мен есептеу әдістерін зерделеп жүр. Болыс Сәбитбек әзірге толық зерттелмеген нейрожелі алгоритмдерінің қалай жұмыс істейтінін математикалық тұрғыдан дәлелдеуге күш салады. Өз кезегінде университет басшылығы оның ғылыми ізденістерін қолдап отыр.

«Өткен жылы жұмыс сапарымен Қазақстанға алғаш рет барғанымда білім беру жүйесінің даму қарқыны мені таңғалдырды. Біз Қазақстан университеттерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз. Қазірдің өзінде бірқатар жоғары оқу орындарымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатылған. Біздің профессорлар Қазақстанға тұрақты түрде барып тұрады. Айта кету керек, Гент университеті тек академиялық алмасумен шектелмейді, сонымен қатар биотехнология, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект және цифрландыру салаларында бірлескен ғылыми жобаларға қызығушылық танытып отыр», дейді Гент университетінің ректоры Петра де Суттер.

ЖИ ұсынатын иіссу

Қазір Болыспен бірге Гентте тағы еліміздің екі ғалымы тағылымдамадан өтіп жатыр. Олар елдің ауыл шаруашылығы саласына робототехника мен жасанды интеллектіні енгізуді жоспарлап отыр. Болыс Сәбитбек болашақта халықаралық деңгейдегі жеке математикалық зертхана құру үшін елге оралуды көздейді.

Қысқы журналистика мектебі: ЖИ құралдарының журналистикадағы рөлі қандай?

Соңғы жаңалықтар