• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:10

Ертіс бойының мәдени бренді

0 рет
көрсетілді

Иса Байзақов атындағы облыстық филармония биыл қос бірдей айтулы датаны атап өтеді. Өнер ордасының құрылғанына 85 жыл толса, ақын, композитор Иса Байзақов есімінің берілгеніне 55 жыл толып отыр.

Өңіріміздегі іргелі өнер ордасының мерейтойлық іс-шаралары басталып кетті.  Жуықта «Әлем ырғақтары» атты джаз оркестрінің концерті және сирек кездесетін архивтік құжат­тар қойылған көрме ұйымдастырыл­ды. Көрмеде 1941 жылғы соғыс өрті тұтанған қиын-қыс­тау кезеңде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияның филиалы ретінде ашылған өнер ошағының қалыптасу тарихы баяндалған.

«Біздің филармония – өңіріміз­дегі кәсіби музыка өнерінің бастауында тұрған ең көне мәдениет меке­месі. Соғыс жылдарында аспап­сыз, костюмсіз, тіпті тұрақты ғима­ратсыз жұ­мыс істеген алғашқы әртістеріміз­дің еңбегі ерен. Бүгінде филармонияда 300-ге жуық маман еңбек етіп, академия­лық өнердің іргетасын ны­ғайтып келеді», дейді филармония басшысы Аман­гелді Қожанов.

Бүгінде өнер ұжымының құра­мында Рүстембек Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, сим­фониялық және джаз оркестрлері, «Нұр», «Шернияз» би ұжымдары мен «Ретро» вокалдық тобы сияқты жалпы саны 9 шығармашылық ұжым жеміс­ті жұмыс істеп тұр. Мерейтойлық іс-шаралар 83-ші және 84-филар­мо­ниялық маусымдар бойы жалғасын тауып, күз айында үлкен гала-концертпен қорытындыланбақ. 85 жыл­дық тарихы бар өнер шаңырағы бүгін­де ұлттық дәстүр мен заманауи тренд­терді ұштастырған аймақтың басты мәдени брендіне айналып отыр.

Павлодар облысы

 

Соңғы жаңалықтар