• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» Бүгін, 10:13

Бектенов: «Таза Қазақстан» бастамасы қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты

10 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақ­стан» бастамасының жалпыұлттық идея­ға ұласқанына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша бүкіл ел бойынша миллион­даған адам экологиялық акция­ларға шығып, табиғи аймақтарды қоқыстан тазарту, көгалдандыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүздеген мың тонна қоқыс жиналып, миллиондаған ағаш көшеттері отырғызылды. Осы идея­ның арқасында экологиялық мәде­ниет қалыптасып, тазалық пен тәртіп күнделікті өмір салтына айналды.

«Президент «Әркім өзінен бастауы керек» қағидатына өз тәжірибесімен үлгі көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы қорша­ған ортаның ғана емес, адамның ой-санасының тазалығына да айрықша мән береді. Бұл бастама ел азаматтарының, әсіресе жастардың тарапынан қолдау та­уып, ауқымды қоз­ға­лысқа айналды», деді Олжас Бектенов.

«Таза Қазақстан» жаңа Конституцияның өзегіне айналмақ

Үкімет басшысы сондай-ақ экологиялық күн тәртібінде Мемлекет басшысы су қауіпсіздігі мәсе­лесіне баса назар аударып отырғанын айрықша атап өтті.

«Президент тапсырмасы бойынша қазір 20 жаңа су қоймасын салу, кемінде 15 мың шақырым ирригациялық каналды реконструкция­лау бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі көлемді су айдындары – Каспий мен Арал теңіздерін сақтап қалу мәсе­лесі бірінші кезекке шықты. Елі­­­мізде аталған акваторияның өзекті мәсе­­ле­лерін терең зерделеу үшін Каспий теңізі­нің Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Жинақтап келгенде бұл экологиялық қауіп­сіздік пен табиғатты тұрақты пай­да­­ла­нудың кешенді тәсілін қалып­тастырады», деді Премьер-министр.

Жаһандық су ресурстары тақырыбын­­дағы маңызды мәселелердің бірі – мұз­дық­тарды сақтап қалу. Сарапшы­­лар­дың болжамынша, 2100 жылға қарай Орталық Азиядағы мұздықтар көлемі айтар­лықтай кішірейеді. Бектенов Президенттің осы мәселелерге де айрықша назар аударып отырғанын айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейде «Су мұнаралары серіктестігін» құру бастамасын көтерді, оның мақсаты – мұз­дықтарды зерттеу әрі қорғау үшін жаһан­дық зерттеу орталықтарының күш-жіге­рін біріктіру, сол арқылы гляцио­­­ло­­­­гия­­­лық ғылымды қолдауды ортақ бір жүйеге келтіру», деді ол.

«Таза Қазақстан»: Абай университетінің студенттері Іле-Алатау паркімен экологиялық жобаларды іске асырады

Соңғы жаңалықтар