• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 13:44

8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

10 рет
көрсетілді

Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтіп, Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, пісірілген нан-тоқаштар, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа өнімдерді арзан бағада сатып ала алады.

Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

«Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді. Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке орындарының жанында №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары жүреді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар жәрмеңкеге келушілер жаңа шыққан гүлдер мен мерекелік гүл шоқтарын ала алады.

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады

Соңғы жаңалықтар