Бас прокуратура 8 наурыз мерекесі қарсаңында алаяқтар азаматтардың мерекелік қарбаласқа байланысты белсенділігін, гүлдер мен сыйлықтарға тапсырыстардың көбеюін, сондай-ақ онлайн-төлемдердің артуын пайдаланып, олардың ақшалай қаражаты мен жеке деректеріне қол жеткізуге тырысатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Мереке қарсаңында Бас прокуратура алаяқтардың азаматтарды алдауда кең қолданатын тәсілдерін жариялады:
Гүл немесе сыйлық жеткізу рәсімделгені туралы хабарлап, «тапсырысты растау үшін» SMS-кодты айтуын сұрау; Жалған ұтыс, бонус немесе акция туралы хабарлап, телефонға келген растау кодын айтуды талап ету; Өздерін банк қызметкері, қауіпсіздік қызметінің өкілі немесе курьерлік компания қызметкері ретінде таныстыру.«Бір реттік SMS-код қаржылық операцияларды растауға арналған құпия құрал екенін есте ұстаған жөн. Мұндай кодты үшінші тұлғаларға беру ақшалай қаражаттың есептен шығарылуына, несие рәсімделуіне немесе банк қосымшаңызға қол жеткізуге әкеп соғуы мүмкін. Банктердің қызметкерлері, құқық қорғау органдары да телефон арқылы SMS-кодтарды, құпия сөздерді және банк картасының деректерін сұратпайды», делінген хабарламада.
ІІМ азаматтарға үндеу жасады: Шетелде жұмыс істеймін деп сан соғып қалмаңыз
Кейбір жағдайларда тауарларды немесе банк өнімдерін ресми жеткізу кезінде растау коды шын мәнінде қолданылады. Алайда ол тек сіз алдын ала рәсімдеген тапсырыс бойынша, жеткізуді күтіп отырған жағдайда және тауарды алғаныңызды растау үшін пайдаланылады. Егер жеткізу туралы қоңырау немесе хабарлама күтпеген жерден келіп, сізден кодты айту сұралса, әңгімені дереу тоқтату қажет.
Сонымен қатар мереке қарсаңында алаяқтар әлеуметтік желілерде, оның ішінде Instagram және TikTok платформаларында жалған парақшалар ашып, гүлдер мен басқа да тауарларды айтарлықтай төмен бағамен, ірі жеңілдіктермен және акциялармен ұсынып, алдын ала төлем талап етеді. Ақша алғаннан кейін мұндай парақшалар қызметін тоқтатып, сатушымен байланысу мүмкін болмай қалады.
Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды
Гүлдер мен сыйлықтарды тек сенімді сатушылардан тапсырыс беруге, төлем жасаған кезде алушының деректемелерін мұқият тексеріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу қажет. Сондай-ақ қандай жағдай болмасын бөгде адамдарға SMS-кодтар мен банк деректері берілмеуі керек. Күдік туындаған жағдайда банкке ресми нөмір арқылы өзіңіз хабарласып, қажет болған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгінген жөн.
Интернет алаяқтық азаймай тұр...