Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласында шамамен 540 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен «Қазтеміртранс» АҚ филиалының директоры Ақылбек Базенов ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дереккөздердің мәліметінше, ақша оған филиал қызметіне қатысты мәселелерді шешуге және кәсіпкерлік қызметке қолдау көрсетуге байланысты берілген. Атап айтқанда, жеке күзет компаниясына «Қазтеміртранс» нысандарын Қазақстан аумағында күзетуге рұқсат алу мәселесіне ықпал ету жайы сөз болып отыр.
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
«Қазтеміртранс» компаниясының баспасөз қызметі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын растады. Компания өкілдері уәкілетті органдарға толық қолдау көрсетіп, қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсынып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар компанияда филиал нысандарын күзетуге арналған мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттар қазірдің өзінде толық аяқталғаны айтылды.
«Қолда бар мәліметтерге қарағанда, филиал нысандарын күзетуге қатысты мемлекеттік сатып алуда жеңіске жетуге жәрдемдескені үшін ірі көлемде заңсыз сыйақы алды деген ақпарат күмән тудырады. Себебі қазір күзет қызметтеріне байланысты барлық келісімшарттар жасалып қойған. Жалпы компания бойынша күзет қызметтерінің жылдық бюджеті шамамен 200 млн теңгені құрайды, ал Алматы филиалының өндірістік базаларын күзетуге биыл 9 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл тараған ақпараттағы пара көлемінен бірнеше есе аз», делінген компания хабарламасында.
СҚО-да колония бастығы қылмыскерден пара алды деген күдікпен ұсталды
Қалған мән-жайларды тергеу анықтайды.
Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы саналатын «Қазтеміртранс» – Қазақстандағы жүк вагондары паркінің ең ірі операторы.