• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 10:08

ЕАЭО елдерінен жұмыртқаны импорттауға тыйым салынады

10 рет
көрсетілді

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар түйінді мәселе қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Картопты экспорттауға тыйым салынбайды

Комиссия отырысында ішкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына шектеу алынып тасталды.

Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі

Квота бөлудің қолданыстағы тетігі бойынша кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талап ескерілуі керек. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, шешім қабылдау кезінде ВАК-қа қатысушылар Үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын да назарға алған. Құжат ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа арттыруды, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуды және қазақстандық сиыр етін өткізудің жаңа нарығын ашуды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлудің қолданыстағы ережесіне тиісті өзгерістерді енгізеді.

Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды

Сонымен қатар аналық мал басын сақтау және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын, сондай-ақ ірі қара малдың бұқашықтарын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

Алты айға дейін тауық жұмыртқасын ЕАЭО елдерінен импорттауға тыйым салынады

Қазір Қазақстанда 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 34-і жұмыртқа, 29-ы ет, 7-еуі асыл тұқым өндіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауық жұмыртқасының өндірісі – 2,4%-ға, 4 568,5 млн данаға артқан. Ішкі нарықтағы отандық өндіріс 98%-ды құрап отыр. Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдайды.

8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?

Сондай-ақ жиында темір жол жылжымалы құрамы мен темір жол төсемінің элементтері үшін құрамдас бөліктерді үшінші елдерден импорттауға тыйым салуды енгізудің орындылығы туралы мәселе қаралды. Талқылау барысында отандық жиынтықтаушы өндірушілердің, локомотив өндірушілер мен тұтынушылардың, оның ішінде «ҚТЖ» АҚ-ның ұстанымдары тыңдалды.

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады

Талқылау қорытындысы бойынша импортқа шектеулер енгізудің орынсыз екені туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға теміржол жылжымалы құрамына арналған қосалқы бөлшектер мен теміржол төсемі элементтерін сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басымдық беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар