• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Наурыз, 2026

LRT жүйесінің кезекші қызметіне жұмысқа қабылдау басталды

30 рет
көрсетілді

City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана қаласында платформа кезекшісі лауазымына қызметкерлерді қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Біліктілік талаптары:

Жоғары білім (мамандыққа қойылатын талап жоқ);

Орта арнаулы білім және көлік саласында кемінде 6 ай жұмыс өтілі;

Мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады.

Қызметтік міндеттері:

Жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру және арнайы жабдықтардың жұмысын бақылау;

Платформадағы жолаушылар легін реттеу және қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау.

Ұсынылатын мүмкіндіктер:

Астанада LRT жүйесі алдағы айларда іске қосылады

Оқытуды жұмыс беруші есебінен Астана қаласында өткізу (оқыту мерзімі – 1 ай);

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ресми жұмысқа орналасу;

Оқу кезеңінде – 5 күндік жұмыс кестесі;

Жұмысқа қабылданғаннан кейін – ауысымдық жұмыс режимі.

Түйіндемелерді мына байланыс арналары арқылы жіберуге болады:hr@cts.gov.kz+7 (7172) 577 177 (ішкі нөмірлер: 102, 207)

LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?

Соңғы жаңалықтар