• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 07 Наурыз, 2026

Мемлекет басшысы Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады

30 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

Смадиярдың жазуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.

«Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды», делінген хабарламада.
Соңғы жаңалықтар