Қарағанды облысында ақтүтек боран басталды. Салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше автожолда барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Патрульдік полиция батальоны тәулік бойы жұмыс істеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлікте қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр.
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Қазір тәртіп сақшылары негізгі бағыттардағы жолдарды тексеріп, қауіпті учаскелерде кезекшілік етуде. Жолда қар құрсауында қалған көліктер де анықталған.
«Қазіргі таңда барлық бағыттағы жолдар тексеріліп жатыр. Кейбір жерлерде көріну мүлде нашарлаған. Сондай-ақ, жол бойында қар құрсауында қалған көліктер кездеседі. Сондықтан барлық азаматқа ауа райы тұрақталғанша алыс жолға шықпауға кеңес береміз», деді патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Полиция тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда ұзақ сапарларды кейінге қалдырып, жолға шықпас бұрын автожолдардың ашық немесе жабық екенін ресми ақпарат көздерінен тексеру қажет.
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды