• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум 11 Наурыз, 2026

15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды

20 рет
көрсетілді

15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты Астанада қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум өтетін күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады.

Референдум қарсаңындағы қоғамдық көңіл күй: жаңа Конституцияға пікір қандай?

Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданған.

«Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді», делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Қазақстандағы референдумды 38 елден келген 359 байқаушы бақылайды

 
Соңғы жаңалықтар