• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2015

Алматыда аударылған көлік апатынан тағы бір адам қаза тапты

290 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 14 тамыз. Таусамалындағы сутаситын автокөліктің апатынан екінші әйел қаза тапты. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Апат орнында жүрген Алматы қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері нақты мәліметті бүгін таратуы тиіс. Дәл қазірге белгілі болғаны – жол жиегінде келе жатқан әйел қолындағы бесік арбаны итеріп үлгерген. Сегіз айлық сәби аман. Ал сәбидің анасы аурухана есігіне жетіп, көз жұмды. Тағы бір тың дерек, әйел көлік соғып құлатқан бағанның электр тогына түскен дейді. Еске сала кетейік, кеше – Таусамалы шағын ауданындағы тау жолынан төмен түсіп келе жатқан су тасығыш автокөлік тоқтай алмай, қарсы беттегі BMW жеңіл көлігіне соқтығысады. Ол да тежеу болмаған ауыр автокөлік жол жиегіндегі бағанға ұрынып аударылады. Осы тұста жаяу жүргінші жолымен кетіп бара жатқан бір тұрғын көліктің астында қалып, қаза тапты. Екі жүргінші ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: zakon.kz.